Жанболат Мамай астана атауын Алашорда деп өзгертуді ұсынды

Саясаткер жаңа Конституция жобасын көрсетті


17/06/2021
12:39 42165 0

Фото: dw.com

 

17 маусымда тіркелмеген Демократиялық партия жетекшесі Жанболат Мамай баспасөз конференциясында жаңа Конституция жобасын көрсетті. Саясаткер онда астана атауы Алашорда деп өзгертілуі керек дейді. Мұны Vласть хабарлайды

 

— 2019 жылы Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді. Бүкіл халық бұл өзгеріске қарсы. Астана тұрғындарының өздері «Нұр-Сұлтан» деп айтпайды. Сондықтан жаңа Конституция жобасының 24-бабында астана атауы Алашорда деп өзгертілсін дейміз, — деген Мамай баспасөз мәслихатында. 

 

Демпартия көшбасшыларының бірі Төлеген Жүкеев астана атауының тарихи негізі болуы керек дейді. 

 

— Астана Алашорда деп аталуға лайық. Алашорда деген — қасиетті сөз, қасиетті ұғым. Астана атауының мағынасы осындай терең, рухани, тарихи, мәдени болуға тиіс, — дейді ол.

 

Қазақстан астанасы 2019 жылға дейін Астана деп аталып келді. Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы биліктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне «Нұр-Сұлтан» деп атауды ұсынды, парламент бір ауыздан құп көрді.

Поделиться

Нет комментариев.

17/06/2021 12:39
42165 0

Уведомление